«Семей қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 47/310-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 51/374-VI шешімі
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437-VI шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/389-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 36/410-VI (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 6778 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Семей қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 47/310-VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6469 болып тіркелген, 2020 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 50 952 640,6 мың теңге:
салықтық түсімдер - 20 978 966,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 101 806,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 455 977,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 28 415 891,1 мың теңге;
2) шығындар - 53 453 612,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 23 339,5 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 31 832,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 8 493,0 мың теңге;