ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2017.13.01. № 33 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 304 бұйрығына
8-қосымша
«Өнертабысқа патент беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.20.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. «Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы (бұдан әрі - сараптама ұйымы), оның ішінде «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығымен бекітілген «Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде көрсетіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11407 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт).
2. Қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
ҚР Әділет министрінің 2018.20.02. № 238 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Өнертабысқа патент беру немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі стандарттың 4-тармағында көзделген.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Көрсетілетін қызметті алушының: