«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 36 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрық тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары бекітілсін.»;