«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 91 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21824 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларында:
19, 20, 20-1 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Есепті тоқсанға учаскедегі жүкті әйелдердің санына байланысты ана өлімі индикаторының мәніне Pr түзету коэффициенті қолданылады:
1,0 - учаскеде 30 және одан да көп жүкті әйел,
0,8 - учаскеде 20-29 жүкті әйел,
0,6 - учаскеде 10-19 жүкті әйел,
0,4 - учаскеде 9 жүкті әйелден аз,
0 - учаскеде жүкті әйел жоқ.
20. Нәресте өлімі индикаторын есептеу осы Қағидаларға 5-қосымшадағы 2-кестеге сәйкес нозологияларды қоспағанда, МСАК деңгейінде алдын алу туралы Қордың сарапшылары растаған нәресте өлімі жағдайлары болмаған жағдайда, есепті кезеңде мынадай формула бойынша кіші индикаторлардың мәндері бойынша жиынтық жүргізіледі:
Ti2 = (Ui2.1+Ui2.2) * Pc
Ti2 - «МСАК деңгейінде алдын алуға болатын нәресте өлімі» индикаторы бойынша жалпы балл саны,