«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 8 шілдедегі № 341 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
бұйрықтың орыс тіліндегі 1-тармағына өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша:
ұлттық ЖЖОКБҰ-ға - кемінде 65 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша - кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша - кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша - кемінде 50 балл және «Құқық» даярлау бағыты бойынша - кемінде 75 балл;