«Масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 563-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35283 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;»;
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.»;
11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: