ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.05.11. № 826 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 557 бұйрығына
3-қосымша
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.28.04. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.25.01. № 62 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz, www.elincense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады;
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.25.01. № 62 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 2 жұмыс күні.
2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінгенде қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.