«Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 475/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12464 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Абоненттік нөмірді көшіру мынадай шарттар болған кезде жүзеге асырылады:
1) реципиенттің АНОДҚ-қа ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіруге сұрау салуды дұрыс толтыруы. Бұл ретте дұрыс деп өтінімге сәйкес сұрау салудың дұрыстығы мен дәлдігі түсініледі;
2) абоненттің дербес деректерінің дұрыстығы. Бұл ретте өтінімде көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) немесе заңды тұлғаның ЖСН/бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) жоқ шетелдік жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен қолданылу мерзімінің ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартта көрсетілген деректермен сәйкес келуі донор мен абонент арасында дәйектілік деп түсініледі;
3) абоненттік нөмірді көшіру мүмкіндігін растау – соңғы ауыстыру сәтінен бастап, қате ауыстыру жағдайларын қоспағанда, кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн өтуі;
4) абоненттік нөмірді көшіруге белсенді өтінімдердің болмауы;