Введите номер документа
Прайс-лист

«Төменгі сот сатылары ҚР АІЖК-нің талаптарын дұрыс қолданбағандықтан сот актілері бұзылуға жатады» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының 2015 жылғы 11 наурыздағы № 3гп-168-15 қаулысынан үзінді

Информация о документе
Датасреда, 11 марта 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 11 марта 2015

Төменгі сот сатылары ҚР АІЖК-нің талаптарын дұрыс қолданбағандықтан сот актілері бұзылуға жатады
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының 2015 жылғы 11 наурыздағы № 3гп-168-15 қаулысынан үзінді

 

Талапкер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жауапкерлер У.-ға, Д.-ға, С.-ға және Е.-ге Ақтау қаласы 13 шағын аудан, 23-үй, № 49-пәтер (бұдан әрі - қызметтік пәтер) мекенжайындағы қызметтік пәтерді пайдалануға берілген құқығын жою, 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1328 ордерінің күші бұзылған деп тану және басқа тұрғын үй-жай берілместен қызметтік тұрғын үйден шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Министрліктің талап арызында жазылғандай, У. 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтау гарнизонында әскери қызмет атқармайтынын және оның отбасы мүшелері қызметтік пәтерде тұрмайтынын, аталған пәтерде Министрлікке қатысы жоқ басқа адамдар тұрып жатқанын, оның Астана қаласына ауысқан уақытында қызметтік пәтерді тапсырмағандықтан, қызметтік тұрғын үй ордерінің күші бұзылмағанын көрсеткен. Алайда жауапкерлер қызметтік тұрғын үйді заңсыз иеленіп, оны босатудан бас тартқандықтан, оларға басқа тұрғын үй-жай берілместен, аталған қызметтік пәтерден шығаруды сұраған.

Ақтау гарнизоны әскери сотының 2014 жылғы 3 шілдедегі шешімімен Министрліктің талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Қазақстан Республикасы Әскери сотының апелляциялық және кассациялық сот алқаларының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы іс материалдарын зерделеп, дау айтылған сот актілерінің күштері төмендегі негіздерге байланысты жойылуға жатады деген тұжырымға келді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами