«Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 46 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы ҚР ДСМ-75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесінде:
1-бөлімде. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар:
реттік нөмірі 46 -жол келесі редакцияда жазылсын:
«
Психикалық бұзылулар мен мінез-құлықтың бұзылуы |
| 46 | 00-F99 | Психикалық аурулар | Динамикалық байқауда тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері | Тригексифенидил, таблетка | N04AA01 |
| Хлорпромазин, таблетка | N05AA01 |
| Левомепромазин, таблетка | N05AA02 |
| Трифлуоперазин, таблетка | N05AB06 |
| Галоперидол, таблетка, инъекцияға арналған майлы ерітінді | N05AD01 |
| Клозапин, таблетка | N05AH02 |
| Оланзапин, таблетка | N05AH03 |
| Рисперидон, таблетка, ұзақ әсер ететін, бұлшықет ішіне енгізуге үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ, ішке қабылдауға арналған ерітінді | N05AX08 |
| Палиперидон, таблетка, бұлшықет ішіне енгізу үшін инъекцияға арналған әсері ұзақ суспензия | N05AX13 |
| Диазепам, таблетка | N05BA01 |
| Амитриптилин, таблетка | N06AA09 |
| Венлафаксин, таблетка, капсула | N06AX16 |
| Амисульприд, ішуге арналған ерітінді | N05AL05 |