«Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 52 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 қазандағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14374 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы туралы ережесінде:
6-тармақтың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Комиссияның жеке құрамы Агенттіктің төрағасымен анықталады. Комиссия құрамын Комиссия төрағасы мен мүшелері құрайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Комиссияның Төрағасы:
1) Комиссияны басқарады, оның жұмысын басшылыққа алуын іске асырады және ұйымдастырады;
2) Комиссия мәжілісінің күн тәртібін анықтайды;
3) Комиссия мәжілісін шақыртады және онда төрағалық етеді;
4) Комиссия мәжілісінде қаралатын нақты мәселе бойынша баяндаушыны анықтайды;
5) Комиссияның жабық мәжілісін өткізу туралы шешім бекітеді;
6) Комиссияның шешімін мемлекеттік органға жолдайды;