Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МӘМІЛЕЛЕР ЖАРАМСЫЗДЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ...

Информация о документе
Датапятница, 7 октября 2022
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 7 октября 2022

Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 6 Нормативтік қаулысы

(2022.07.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 28 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мәмiлелердің жарамсыздығы және олардың жарамсыздығының салдарларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының кейбір нормаларын сот практикасында біркелкі және дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

ҚР Жоғарғы Сотының 2022.29.09. № 8 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 7 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) нормаларына сәйкес сот мәмілені жарамсыз (даулы мәміле) деп таныса не осындай тануға қарамастан оның жарамсыздығы заңда тікелей көрсетілсе (мәніссіз мәміле), мәміле заңда белгіленген негіздер бойынша жарамсыз болуы мүмкін.

Даулы мәмілені жарамсыз деп тану туралы талаптарды, оның салдарлары жөніндегі талаптарды қолдану туралы талапты мүдделі адам, тиісті мемлекеттік орган не прокурор қоюы мүмкін.

Мәміленің заңмен мәніссіз деп анықталуы мүдделі адамның осындай мәмілені сот арқылы жарамсыз деп тануды талап етуіне кедергі болмайды.

Мәніссіз мәміленің жарамсыздығының салдарын қолдану туралы талапты мәніссіз мәмілені жарамсыз деп тану туралы талапты кез келген мүдделі адам қоюы мүмкін.

Сот АК-нің 157-1-бабының 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда мәмілелердің жарамсыздығының салдарларын өз бастамасы бойынша қолдануға құқылы.

ҚР Жоғарғы Сотының 2022.29.09. № 8 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 7 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. АК-нің 9-бабының 1-тармағына сәйкес соттың дау айтылатын мәмiленi жарамсыз деп тануы және оның жарамсыздығы салдарын қолдануы, маңызсыз мәміленің жарамсыздығы салдарын қолдануы азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдерінің бірі болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом