«Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 25 маусымдағы № 228 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32767 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімінде:
«Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өнімнің экспорты, кері экспорты, транзиті және қайта өңделуі кезіндегі өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауға жататын өнім» деген бөлімінде:
2В001 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2В001 Дайындаушының техникалық ерекшеліктеріне сәйкес «сандық бағдарламалық басқарудың» электрондық құрылғыларымен және арнайы әзірленген компоненттер жарақталуы мүмкін металдарды, керамикаларды және «композициялық материалдарды» өңдеуге немесе кесуге арналған станоктар және олардың кез келгені үйлесімдері, мыналарды қосқанда.
а. Сандық бағдарламалық басқарылатын (8458 тауар позициясындағы токарлық станоктар мен көп мақсатты токарлық станоктардан, айналмалы басы бар станоктардан, бұрғылау станоктарынан, бұрғылау-фрезерлік станоктардан, бұрғылау станоктарынан және тізе үлгісіндегі фрезерлік станоктардан басқа):
1. аспаптық (СЭҚ ТН коды 8459 61 100 0);
2. орналасу дәлдігі 0,01 мм-ден төмен емес және жұмыс аймағы бар: Х осі - 1800 мм, Ү осі - 2000 мм, Z осі - 1100 мм (СЭҚ ТН коды 8459 61 900 1).
b. Көп мақсатты металл кесетін, көлденең: сандық бағдарламалық басқарумен(көп мақсатты токарлық станоктарды қоса алғанда) (СЭҚ ТН коды 8458 11 200 0);
1. авиация өнеркәсібі үшін жоғары жылдамдықты жетегі бар (6000 айн/мин және одан көп, бірақ 8000 айн/мин аспайтын) (СЭҚ ТН коды 8458 11 410 1);
2. көп шпиндельді (СЭҚ ТН коды 8458 11 490 0).