«Электрондық үкіметтің веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2024 жылғы 22 шілдедегі № 435/НҚ бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 369/НҚ бұйрығымен 2026 ж. 12 шілдеден бастап күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық үкіметтің веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13193 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарында:
2-тармақта:
1-1)-тармақша мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«1-1) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - БСН) - заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;»;