СИНГАПУР РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САУДАСЫ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТУРАЛЫ
КЕЛІСІМ
(2023 ж. 22 мамыр Астана қ.,)
ҚР 2024 жылғы 16 шілдедегі № 125-VІІІ Заңымен ратификацияланды
2025 жылғы 1 наурызда күшіне енді
КІРІСПЕ
Сингапур Республикасы (бұдан әрі - «Сингапур») және Қазақстан Республикасы (бұдан әрі - «Қазақстан») (бұдан әрі бірге «Тараптар» және жеке «Тарап» деп аталады)
Тараптар арасындағы ұзақ және берік достықты нығайтудың маңыздылығын МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП;
Тараптардың тауарлар саудасын, көрсетілетін қызметтер саудасын, инвестицияларды және саудаға байланысты салаларды қамтитын жан-жақты экономикалық әріптестікке деген өзара ұмтылысын МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП;
2019 жылғы қазанның бірінші күні Ереванда, Армения, қол қойылған Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді РАСТАЙ ОТЫРЫП;
Тараптар арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы мен инвестициялардағы кедергілерді жоюға, бизнесті жүргізуге жұмсалатын шығындарды азайтуға, экономикалық тиімділікті арттыруға және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мен өзара тиімділік үшін қолайлы жағдайлар жасауға ҰМТЫЛА ОТЫРЫП;
инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау іскерлік бастаманы ынталандыруға және Тараптардың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететінін МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП;
екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін, атап айтқанда, теңдік және өзара тиімділік қағидаттары негізінде бір Тарап инвесторларының екінші Тарап аумағындағы инвестициялары үшін қолайлы жағдайлар жасауды ҚАЛАЙ ОТЫРЫП;
әрбір Тараптың ұлттық саясаттың заңды мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті шараларды қабылдау және олардың сақталуын қамтамасыз ету құқығын РАСТАЙ ОТЫРЫП,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-ТАРАУ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1-бап Еркін сауда аймағын құру
Осы арқылы Тараптар ГАТС-тың V бабына сәйкес еркін сауда аймағын құрады.
1.2-бап Мақсаттар