Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары» Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрыққа 4-қосымша

Информация о документе
Датапонедельник, 16 июня 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 23 августа 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 16 июня 2025

Қазақстан Республикасы Премьер-

Министрінің орынбасары -

Ұлттық экономика министрі

2025 жылғы 16 маусымдағы

№ 52 бұйрыққа

4-қосымша

 

 

Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу

қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 27-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларды пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберінде тартылған қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.

Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны қамтиды.

4. Мемлекет кепілгерлігі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 145-бабына сәйкес тиісті кезеңге мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары тізбесіне енгізілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша беріледі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом