Осы редакция 2019 жылғы 22 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 18-03/390 бұйрығына
4-қосымша
«Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.10.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.е.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу хаты.
Порталда қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру күні мен орнын белгілеу туралы қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлы қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанындағы хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.