«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 477/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 19-14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 108) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Байланыс қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 1-тармағының 19-14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 108) тармақшасына сәйкес әзірленді және байланыс қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абонент - байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;