Осы редакция 2016 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Әкімдіктің
2015 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 376 қаулысымен бекітілген
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы («Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрестудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру.
Мемлекеттік қызмет көсетудің нәтижесін беру нысаны: электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған).
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау