«Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 943 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 54 бұйрығы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 943 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12627 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларында:
мынадай мазмұндағы 12, 13, 14 және 15-бөлімдермен толықтырылсын:
«
12. Банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыскерлеріне |
| Инкассация бөлімшесі |
| 1 | Бағалы заттарды тасымалдаумен айналысатын жүргізуші; жүргізуші-инкассатор; инкассатор; аға инкассатор; жетекші инкассатор | Мақта матадан немесе құрама матадан тігілген костюм (куртка+комбинезон/немесе шалбар) | 1 жылға 1 жинақ |
| Шолақ бәтеңке немесе бәтеңке немесе туфли | 2 жылға 1 жұп |
| Жейде немесе ұзын жеңді футболка | 1 жылға 2 бұйым |
| Жейде немесе қысқа жеңді футболка | 1 жылға 2 бұйым |
| Бронежилет | 7 жылға 1 бұйым |
| Бронежилетке тыс | 3 жылға 1 бұйым |
| Оқ өтпейтін каска (шлем) | 7 жылға 1 бұйым |
| Қысқы кезеңде қосымша: |
| Су өткізбейтін астары бар мақта матадан қалың куртка (астары ағытылмалы, табиғи (немесе жасанды) теріден жасалған | 3 жылға 1 бұйым |