«Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 622 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 1770 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін уақытша атқарушының 2025 жылғы 27 мамырдағы № 622 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. ММ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес спорт, мәдениет, білім және ғылым, навигациялық-гидрографиялық, теңіз тасымалы, әуежайлық және авиациялық қызмет, әскери медицина саласында тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) ақылы негізде өткізуді (бұдан әрі - ақылы көрсетілетін қызмет), инфрақұрылымды күтіп-ұстауды, жөндеуді және салуды, бұйымдарды шығаруды, сондай-ақ қонақүй ісін жүзеге асырады.»;
17-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығысын өтеу нормалары шегінде зерттеу жүргізуге, тағылымдама, курс өткізуге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүргізуге, көрмеге, семинарға, ғылыми конференцияға, қашықтан өткізілетін, оның ішінде халықаралық кеңеске қатысуға, сондай-ақ Қазақстан мен шет мемлекеттердің бірлескен жұмысына байланысты ел ішіндегі және одан тыс жердегі іссапар шығысына;»;
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын: