Введите номер документа
Прайс-лист

«Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығына 2-қосымша) (2018.26.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 26 мая 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 14 июня 2020

ҚР Әділет министрінің 2018.26.11. № 1554 бұйрығымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Әдiлет министрiнiң

міндетін атқарушысының

2015 жылғы 26 мамырдағы

№ 298 бұйрығына

2-қосымша

 

ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығымен күші жойылды

 

«Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру»

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi
(2018.26.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығымен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде №11096 болып тіркелген) (бұдан әрі-Стандарт) негізінде, Қазақстан Республикасының Әділет министрігімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi-портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету электрондық нысанда.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi - адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

 бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

 

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген өзге де құжаттарды (электрондық сканерленген көшірмелері тіркеледі) тіркеу арқылы электрондық сұрау салуы мемлекеттік қызметті көрсету үшін рәсімді (іс-қимылды) бастауға негiздеме болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом