Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
2 қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жылу электр станцияларындағы 20 %-дан аз ұшпа заттардың шығуымен тас көмірлерді жағу кезінде газ-мазуттық отын шығысының нормаларын есептеу
әдістемесі
(2021.27.12. берілген өзгерістермен)
1 бөлім. Жалпы ережелер
ҚР Энергетика министрінің 2021.27.12. № 411 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Жылу электр станцияларындағы 20 %-дан аз ұшпа заттардың шығуымен тас көмірлерді жағу кезінде газ-мазуттық отын шығысының нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Әдістеме жағылатын көмірдің сапасына, қазандықтардың бу өнімділігіне және шаң дайындайтын қондырғылардың өнімділігіне байланысты газ-мазуттық отын шығысын анықтауға арналған.
3. Әдістемеге енбей қалған, соның ішінде шетелдік өндірушілердің энергетикалық қазандықтары мен блоктарының типтеріне арналған дайындаушы зауыттың техникалық паспорттары мен пайдалану жөніндегі нұсқауларына сәйкес есептеулерді пайдалану ұсынылды.
4. Газ-мазуттық отынның минималды шығысы қазандықтарды жағуға және блоктарды іске қосуға, негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмысында түрлі ауытқулар болған кезде технологиялық қажеттіліктерге, белгіленген жүктеме кестесін қамтамасыз ету үшін сапасы төмен көмір жағу кезінде жылудың жетіспеген мөлшерінің орнын толтыруға жұмсалатын шығындардан құралады.
5. Қазандықтың бу өнімділігін шектеу кезінде сұйық қождың шығуын қамтамасыз ету үшін оттықтағы температураны арттыру көзделеді (сұйық қожды әкету қазандықтары үшін).
6. Аталмыш Әдістемеде келесі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) қазандықтың бу өнімділігі - агрегат бір сағаттың ішінде өндірген бу көлемі;