«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 723 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 271 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 723 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21873 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларында:
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Әскери бөлімнің және мекеменің шегінен тыс жоспарлы тәртіппен стационарлық емделуге жіберілетін әскери қызметшілерге:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стационарлық емделуге жолдама;
2) әскери қызметшінің медициналық кітапшасы беріледі.
Әскери қызметшілерде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, офицердің жеке куәлігі немесе әскери билеті болады.
Әскери қызметшілерді, оның ішінде басқа өңірлерден (гарнизондардан) жоспарлы стационарлық емделуге госпитальға жатқызу күні бейінді бөлімше бастығымен және (немесе) әскери госпитальдың, лазареттің медициналық бөлім бастығымен алдын ала келісу бойынша айқындалады.»;