Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
24 қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Кернеуі 35-110 киловольт электр берудің әуе желілерін пайдалану жөніндегі
әдістемелік нұсқаулар
(2021.27.12. берілген өзгерістермен)
1 бөлім. Жалпы ережелер
ҚР Энергетика министрінің 2021.27.12. № 411 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Кернеуі 35-110 киловольт электр берудің әуе желілерін пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқаулар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Аталмыш Әдістемелік нұсқауларда келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) байқау - бұл ӘЖ жолының және барлық элементтерін көзбен шолу арқылы тексеру үшін ӘЖ-ні қарап шығу;
2) көкмұз - тығыздығы (0,6-0,9) 103 килограмм/куб метр (бұдан әрі - кг/м3) қатты мұз немесе тығыздығы (0,2-0,3) 103 кг/м3 қарға ұқсайтын кристалдық тұнба бейнесіндегі мұздақ (қырау), немесе мұз, мұздақ және сулы қар қатпарынан тұратын қоспа түрінде пайда болады;
3) көкмұзды еріту - электр тогымен қыздыру арқылы ӘЖ сымдарынан жәй тартқыш сым арқандарынан көкмұзды кетіру;
4) сымдардың жай тартқыш сым темірлердің билеуі - үлкен амплитудалы (мөлшермен 0,3-5 м) және шағын жиіліктегі (0,3-2 Гц) сымдардың, жай тартқыш сым темірлердің тербелуі;
5) тарту - электр берудің әуе желілері сымдарын (сым темір) тартатын сымның (сым арқанның) осі бойымен бағытталған күш.
2 бөлім. Қолданылу саласы
3 Әуе желілерін (бұдан әрі - ӘЖ) пайдалану олардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған техникалық қызмет пен күрделі жөндеу өткізуден тұрады.
4. ӘЖ техникалық қызметі ӘЖ элементтерін мерзімімен бұрын тозудың алдын алуға бағытталған шаралар кешенінен тұрады.
5. Техникалық қызмет кезінде байқаулар, тексерулер, өлшеулер, жеке жұмыс түрлері орындалады.