«Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 599 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 13 шілдедегі № 333 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 599 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35570 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларының:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Үміткерлер Конкурсқа қатысу үшін уәкілетті органның цифрлық жүйесі (бұдан әрі - цифрлық жүйе) арқылы келесі құжаттарды тапсырады:
1) Сыйлықтарды алу конкурсына қатысу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалау көрсеткіштеріне сәйкес материалдар мен құжаттар;
3) ғылыми ұйымдардың және ЖЖОКБҰ консультативтік-кеңесші органының өтінішхаты (ұсынымы);
4) жеке басын куәландыратын құжаты;
5) қолданыстағы жиырма таңбалы ағымдағы шот туралы хабарлама.
Конкурсқа құжаттар уәкілетті орган конкурс туралы хабарландыруды жариялаған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде цифрлық жүйе арқылы қабылданады.
Бұрын Сыйлыққа ие болған үміткерлер осы Қағидалардың 8-тармағындағы 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына сәйкес жаңа материалдар мен құжаттарды ұсынады.»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: