«Өртке қарсы қызмет жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2026 жылғы 29 маусымдағы № 246 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өртке қарсы қызмет жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
5-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) газтүтіннен қорғау қызметі - тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын пайдалана отырып, тыныс алуға жарамсыз ортада өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы қызмет;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) өрт сөндіру есептобы - өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша міндеттерді орындау үшін, белгіленген нормаларға сәйкес жасақталған бір өрт техникасындағы өртке қарсы бөлімшенің жеке құрамы;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) саптық жазба - өртке қарсы қызмет гарнизонына кіретін күштер мен құралдардың жеке құрам саны, өрт сөндіру техникасының, өрт-техникалық жарағы мен жабдықтарының болуы және олардың дайындық дәрежесі туралы мәліметтерді қамтитын құжат;»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Аумақтық гарнизондардың өрт байланыс орталық пунктерінде телефон және радиокеліссөздерін жазу, сондай-ақ үлкен көлемді келіссөздер архивін сақтау қамтамасыз етіледі.»;
20-тармақта:
он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: