«Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 149 бұйрығы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 98 бұйрығымен күші жойылды
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 14-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12500 болып тіркелген, 2015 жылы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қағидаларының:
8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу үшін тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын бекітілген ғылыми-жобалау құжаттама, келісімшарт негізінде мердігер жүргізеді.
Мердігер халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану бойынша уәкілетті органмен келіседі.