Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 1 Нормативтік қаулысы
(2020.11.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша:
«ҚК», «ҚІЖК» деген сөздер «ҚК-нің», «ҚПК-нің» деген сөздермен ауыстырылды, «қылмыстарды», «қылмыстардың», «қылмыстардан», «қылмыстар», «қылмыстың» деген сөздер «қылмыстық құқық бұзушылықтарды», «қылмыстық құқық бұзушылықтардың», «қылмыстық құқық бұзушылықтардан», «қылмыстық құқық бұзушылықтар», «қылмыстық құқық бұзушылықтың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы заңдарының өзгеруіне байланысты және адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілік туралы қылмыстық заңдарды біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)