«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары ─ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 250 бұйрығы
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 36-үй.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Комитеттің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, қалалар мен аудандарда аумақтық бөлімшелері, оның ішінде фитосанитариялық бақылау бекеттері, сондай-ақ Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.»;
15-тармақта:
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия береді;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;»;
17-тармақта:
2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;