«Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педогогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 150 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педогогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13420 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Курстарды педагогтердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын келесі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - Ұйым) өткізеді: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру, сауықтыру орталығы, Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институты, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, меншік нысанына қарамастан және Жарғыға сәйкес курстар өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орындары, заңды тұлғалар, сондай-ақ облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әдістемелік кабинеттері.