Осы редакция 2019 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2017.07.03. № 83 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығына
7-қосымша
«Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.07.03. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы жүгінген кезде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап көрсету мерзімі:
аккредиттеу туралы куәлігін берген (бұдан әрі - куәлік) кезде - 15 (он бес) жұмыс күні;
куәлікті қайта ресімдеу кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - аккредиттеу туралы куәлік, куәлікті қайта рәсімдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).