«Құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 30-нқ бұйрығы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 227-нқ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16073 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатта:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сметалық жалақы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормалары ескеріле отырып және мемлекеттік статистика деректері бойынша айқындалады.