Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы
Алматы облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 29 қазандағы № 479 Қаулысы
(2016.21.07. берілген өзгерістермен)
Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 322 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 және «Көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрықтарына сәйкес Алматы облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса ұсынылған:
1) «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;
3) «Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;