Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құрылыс саласындағы кәсіптік стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 4 қарашадағы № 560 бұйрығы
«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құрылыс саласындағы кәсіптік стандарттары:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Сумен жабдықтау, жылыту және ауаны баптау жүйелерін монтаждау» кәсіптік стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Құрылыс алаңындағы жер жұмыстары» кәсіптік стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрылыстар салу» кәсіптік стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу» кәсіптік стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Сәулет-қала құрылысы жұмыстары» кәсіптік стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Құрғақ құрылыс шебері (жұмысшы біліктілігі)» кәсіптік стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Құрама және монолитті конструкцияларды монтаждау және орнату» кәсіптік стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Газбен жабдықтау жүйелерін монтаждау және пайдалану» кәсіптік стандарт;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеу және бұзу» кәсіптік стандарты;