«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 39 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
179) және 180) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«179) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тереңкөл ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі осы бұйрыққа 179-қосымшаға сәйкес;
180) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аққулы ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі осы бұйрыққа 180-қосымшаға сәйкес;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тереңкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тереңкөл ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: