«Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын дайындау бойынша бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 408 Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын даярлау бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 235 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10772 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 сәуірде № 72 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын даярлау жөніндегі бағдарламада:
Құтқарушыларды даярлаудың тақырыптық жоспарында (сыныптық біліктіліксіз);
2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
2. Алғашқы көмек көрсету бойынша дайындық |
| 20. | Алғашқы көмек. Құтқарушының құқықтары мен міндеттерінің құқықтық негіздері. | 2 | 2 | - |
| 21. | Адам анатомиясы мен физиологиясының негіздері. | 8 | 6 | 2 |
| 22. | Құтқарушыда алғашқы көмек көрсету құралдары. | 6 | 4 | 2 |
| 23. | Төтенше жағдайлардағы зақымданулардың сипаты және алғашқы көмек көрсету тәсілдері. Жарақат алған кездегі алғашқы көмек. | 11 | 5 | 6 |
| 24. | Қан кету және травматикалық шок үшін алғашқы көмек. | 8 | 4 | 4 |
| 25. | Көгеруге, сіңірлердің созылуы және шығуға алғашқы көмек. | 2 | 1 | 1 |
| 26. | Сүйек сынуы үшін алғашқы көмек. | 5 | 3 | 2 |
| 27. | Аяқ-қолдардың ұзақ қысылу синдромына алғашқы көмек. | 3 | 2 | 1 |
| 28. | Көздің, құлақтың, тамақтың және мұрынның жарақаттануы мен зақымдануына алғашқы көмек. | 2 | 1 | 1 |