«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 145/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде:
21-тармақтағы 5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«ЖИЦДМ»;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
«
| 22 | 00102001 | Жүргізуші куәліктерін беру | Жүргізуші куәліктерін беру | ІІМ | «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 тіркелді. |
| 23 | Жүргізуші куәліктерін алғаш рет беру және көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырғаннан кейін | ІІМ |
| 23-1 | Қазақстан Республикасының Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру | ІІМ |
»;
мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын:
«