Өтініш берушінің (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең төменгi мөлшері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 168 Қаулысы
(2020.28.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.01. № 11 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.27.08. № 212 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.01. № 11 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді бұр.ред.қара)
1. Мыналар үшін өтініш берушіге жарғылық капиталының ең төменгi мөлшері белгіленсін:
1) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 800 000 еселік мөлшерінде - ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;
2) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 400 000 еселік мөлшерінде - номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға;
3) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 400 000 еселік мөлшерінде - клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға;
4) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 300 000 еселік мөлшерінде - ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;