«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2022 жылғы 11 ақпандағы № 42/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі:
33-тармақ алынып тасталсын;
73-тармақ алынып тасталсын;
178-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 178. | 00701001 | Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу | Жеке тұлғалар | Еңбекмині | Халықты жұмыспен қамту орталығы | Мемлекеттік корпорация, Халықты жұмыспен қамту орталығы, «электрондық үкіметтің» веб-порталы | Тегін | Электронды (толық автоматтандырылған)/қағаз түрінде | | «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген. |
»;
179-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«