«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі арттыру саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парактарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1230 және Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 837 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 26 тамыздағы № 421 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 141 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парактарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1230 және Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 837 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12793 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері) цифрлық жүйені қолдана отырып, бақылау субъектілері қызметінің тиісті салаларындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне мынадай жағдайларда:
1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасcа;