«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 және «Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 874 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 176-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Үйлестіру кеңесі хаттамалар негізінде кезеңдік және аралық алдын ала болу жоспарларын (болу мерзімдерін, болатын мекемелер мен ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ болудың көрсетілген түрлерін жүргізуге уәкілетті топтар құрамын қамтитын) бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Үйлестіру кеңесі (кезеңдік және аралық болу бойынша) немесе Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (арнаулы болу бойынша) әрбір топтың құрамына ұлттық алдын алу тетігінің төртеуден аспайтын қатысушысын енгізеді.»;
2) «Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 196-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алдын ала болу бойынша шығыстарды республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеу мынадай құжаттар: