«Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 304 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларында:
6, 7, 10 және 11-тармақтардың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қоғамдық талқылау астананы, республикалық маңызы бар қалаларды және облыс орталықтарын дамыту тұжырымдамасының (мастер-жоспарының), елді мекендердің бас жоспарларының, дамыту мен оларда құрылыс салу схемаларының, ЕТЖЖ әзірленген/ түзетілген жобалары бойынша ашық жиналыс арқылы өткізіледі.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Жеке және заңды тұлғалар ЖАО-ға қоғамдық талқылауға шығарылатын жобаларға дәлелді ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша нысанда (қағаз немесе цифрлық тасығыштарда) қоғамдық талқылаулар өткізу басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.»;
18-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Қоғамдық талқылаулар тіркелген және оларға кемінде елу жеке және заңды тұлға қатысқан кезде өткізілген болып есептеледі.
25. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың қажетті саны болмаған кезде қоғамдық талқылаулар өткізілмеген болып есептеледі.