«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 420 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17705 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ТжКОББ-ның білім беру ұйымына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) не «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі - портал) жүгінеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізіліміне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Тізбеде келтірілген.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: