Введите номер документа
Прайс-лист

«Авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 27 маусымдағы № 212 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 27 июня 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 20 июля 2025
Дата последнего измененияпятница, 27 июня 2025

 «Авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 27 маусымдағы № 212 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15600 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларында:

1 және 2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-70) тармақшасына сәйкес әзірленді және авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) авиация персоналы - арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдар;

2) авиация персоналының куәлігі - авиация персоналының біліктілігін және өкілеттіктерін растаушы құжат;

3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - мемлекет жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздігін тұрақты дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом