«Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 635 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 10989 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар кедендік транзиттің кедендік рәсімінде шығарылған тауарларды қоспағанда, тауарларды шығару жүргізілетін немесе аумағында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған мемлекеттік кірістер органында төленеді (өндіріп алынады).
Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды төлеушілер екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді. Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды төлеуге төлем құжаттарында төлеушілер тауар шығару жүргізілетін мемлекеттік кірістер органының тіркеу орны бойынша орналасқан бенефициар мемлекеттік кірістер органының деректемелерін көрсетеді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: