«Қару мен оқ-дәрінің ұрлануы, жоғалуы не әскери қызметшінің әскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетінше тастап кетуі туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері қолбасшылығының және әскери полиция органдарының ден қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 351 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 501 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қару мен оқ-дәрінің ұрлануы, жоғалуы не әскери қызметшінің әскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетінше тастап кетуі туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері қолбасшылығының және әскери полиция органдарының ден қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 351 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15530 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қару мен оқ-дәрінің ұрлануы, жоғалуы не әскери қызметшінің әскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетінше тастап кетуі туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері қолбасшылығының және әскери полиция органдарының ден қою қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: