Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 321 Қаулысы
(2018.21.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198, «Балаларға қосымша білім беру және «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсын өткізу саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін «Үздік педагог» атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 8 cәуірдегі № 173, «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174, «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтарына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Алматы облысы әкімдігінің 2018.01.03. № 88 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»;
2) «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға)қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»;