Введите номер документа
Прайс-лист

«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 320 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 24 апреля 2024
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 24 апреля 2024

«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 320 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) жарғылық капиталдарына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - «ҚМУ» КеАҚ) және «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - «ЕГКАҰО» КеАҚ) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. «ҚМУ» КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы болып жоғары білім беру, кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі, фармацевтикалық препараттар өндірісі, инфекцияға қарсы препараттар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер, жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы өзге де зерттеулер мен әзірлемелер айқындалсын.

3. «ЕГКАҰО» КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы болып кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі, инфекцияға қарсы препараттар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер, жоғары білім беру, жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы өзге де зерттеулер мен әзірлемелер, техникалық сынақтар мен талдауды жүзеге асыратын өзге де мекемелердің қызметі, басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге де қызмет айқындалсын.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қайта ұйымдастырылатын қоғамның меншікті капиталының мөлшерi есебінен «ҚМУ» КеАҚ-ның және «ЕГКАҰО» КеАҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыруды;

2) «ҚМУ» КеАҚ-ның, «ЕГКАҰО» КеАҚ-ның жарғыларын бекітуді және олардың Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом