«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 759 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 шілдедегі № 589 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 759 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерін бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: